13 мау, 2022 сағат 13:14

Ақмола облысындағы фабрикада жұмысшы қаза тапты

Фото: 24.kz

Ақмола облысындағы алтын өндіру фабрикасында жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қайғылы оқиға Абай ауылынан 4 шақырым жерде, "Алтынтау Көкшетау" алтын өндіру кәсіпорны аумағында болған.

Оқиға салмағы бір тоннаға жуық реагенттер салынған үлкен қаптарды түсіру кезінде болған. 48 жастағы реагенттер бөлімінің жұмысшысына қаптардың бірі түсіп кеткен. Ер адам алған жарақаттарынан қаза тапты.

Қазір оқиға орнында полиция мен еңбек инспекциясы жұмыс істеп жатыр. Мамандар қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.