08 қаз, 2021 сағат 19:38

АҚШ-та полицей Қырғызстан азаматын атып өлтірді


Америка құрама штаттарында полиция Қырғызстан азаматын атып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-тағы Қырғызстан елшілігінің мәліметінше, 1993 жылғы Қырғызстан азаматы М.Н.-нің өлімі туралы ақпарат түскен. 

Алдын ала мәлімет бойынша, оған Пенсильвания штатының полицейлері 5 қазанда бірнеше рет оқ атқан. Азамат оқиға орнында мерт болған.

Елшілік мән-жайды анықтау үшін АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі мен Мемлекеттік департаментке жедел сұрау жолдаған. Қазіргі уақытта жауап күтіп отыр.