Фото: instagram.com/adiletkhan
Алматыда белгілі заңгер әрі әлеуметтік желіде белсенді құқық қорғаушы Әділетхан Молдахан 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұған дейін оған «жалған ақпарат таратты» деген күдік тағылғаны хабарланған еді.
Заңгер әлеуметтік желіде Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасына қатысты видео жариялаған. Қазіргі уақытта осы факті бойынша Алматы полициясы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Әділетхан Молдаханның жұбайы Бақыт Мұсабекованың айтуынша, заңгерді үйінде отырған жерінен полиция департаментіне шақырған. Кейін сот оны 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарған.
– Біз соттан оны үй қамауына жіберуді сұрадық. Алайда бұл өтініш қанағаттандырылған жоқ. Қазір оған «жалған ақпарат таратты» деген айып тағылып отыр. Біз істің анық-қанығы анықталады деп үміттенеміз, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
