17 мам, 2022 сағат 15:55

АҚШ валютасының ресми бағамы 430 теңгеден асты


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қор нарығының деректеріне (Kase) сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2, 92 теңгеге қымбаттады. 

Осылайша АҚШ долларының орташа бағамы 432, 79 теңге болды. Ал кеше АҚШ валютасының ресми бағамы 429, 57 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 433, 51 теңге, сатып алу – 437, 68 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 433, 14 теңгеден болса, сатып алу құны – 436, 26 теңге.