27 қаң, 2023 сағат 19:02

Ақтау тұрғыны жасөспірім ұлы зорланғанын айтып, шағым түсірді

Фото ашық дереккөзден алынды

Ақтау қаласының тұрғыны өз баласына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалды деп шағымданды. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"26 қаңтарда Ақтау қаласы Полиция басқармасына өзінің жасөспірім баласына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалды деп күдіктенген 35 жастағы азаматша жазбаша арызбен жүгінді.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалды" - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.