08 ақп, 2023 сағат 14:15

Ақтауда Land Cruiser тізгіндеген жасөспірім полицейлерден қашқан - видео


Ақтауда патрульдік полиция талаптарына бағынбаған жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"7 ақпан таңғы уақытта 30 және 19-шы шағын аудандар аралығында жол ережелерін сақтамай келе жатқан Toyota Pradо автокөлігі назарға ілінді. Жүргізуші полицейлердің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбай, жауапкершіліктен жалтару мақсатында қашуға әрекеттенген. 

Көлік көп ұзамай полицияның қосымша күштерінің көмегімен 30-шы шағын ауданда тоқтатылды" - делінген хабарламада.

Тексеру барысында жүргізуші 13 жастағы жасөспірім екені анықталған. Патрульдік полиция қызметкерлері оны кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторларға тапсырып, заңды өкіліне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Автокөлік айыптұраққа қойылды.