15 мау, 2022 сағат 09:45

Ақтауда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды


Ақтауда жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы Желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Лада" порталына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға 14 маусымға қараған түні болған. Куәгерлер 26-шағынаудандағы аулалардың бірінде жаппай төбелес болғанын көрген. Оған жеті ер адам қатысқан.

Видео кадрларынан автотұрақ маңында бір топ ер адам тұрғаны көрінеді. Кейін олардың біреуі екіншісін күшпен итеріп жібереді де артынан төбелес басталып кетеді.

Полиция департаменті мәліметінше, факт бойынша кезекші бөлімге қоңырау түспеген. Полицейлер төбелеске қатысы бар барлық адамды анықтау шараларын қолдануға уәде берді.