19 мау, 2025 сағат 12:58

Ақтаулық ерлі-зайыпты блогерлер заңсыз лотереяға қатысты тергеуге алынды

Фото: theoryandpractice.ru


ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Ult.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап


Ақтауда ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған.


"Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан. Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан", - делінген хабарламада.


Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 миллион теңгеден асқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.


Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.


ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.