09 жел, 2022 сағат 15:26

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 жасар бала қаза тапты


Ақтөбе облысында жол апатынан 3 жасар бала қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 8 желтоқсанда Самара-Шымкент тасжолында болған.

"Тoyota Сamry 30 көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласынан Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы бағытында келе жатып, рөлді басқара алмай, жыраға аударылған", - делінген ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілген, алған жарақаттарынан үш жасар бала жол апатынан оқиға орнында көз жұмды.

"Сот-медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы") бойынша соталды тергеу басталды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.