09 мау, 2025 сағат 16:01

Ақтөбеде кәсіпкерді бопсалаған күдікті ұсталды


Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі


Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 34 жастағы күдіктіні ақша алып жатқан жерінен ұстады. Ол бұрын сотталған адам болып шықты, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.


«Ол ірі көлемдегі қаражатты қорқытып талап етті деген күдікке ілікті. Күдікті 2 миллион теңге алып жатқан сәтте қолға түсті. Тергеу барысында ол кәсіпкерге ұзақ уақыт бойы қысым көрсетіп, жалпы 7 миллион теңге талап еткені анықталды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр»,- делінген хабарламада.


Еске салсақ, Алға ауданында колледж студенттері өз қатарластарынан ақша бопсалаған. Күдіктінің бірінен пневматикалық тапанша тәркіленді.