14 мау, 2022 сағат 11:38

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 41 жастағы әйел қайтыс болды


Ақтөбеде мас жүргізуші 41 жастағы әйелді қағып кетті. Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 11 маусымда Қонаев көшесінде болған. Lada Priora автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі жол ережесін бұзып, 41 жастағы әйелді қағып кеткен.

Жәбірленуші жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, кейін алған жарақаттарынан қайтыс болған. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші мас күйде болғаны анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бапқа сәйкес, жүргізуші 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.