Ақтөбеде алғашқы ұтыс ойынының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақтөбеде «Екпе ал да, автокөлік ұтып ал» акциясы жалғасып жатыр.
Негізгі ұтыс - екі автокөлік.
Акция 25 маусымда басталды, 25 қыркүйекте аяқталады.
Ұтыс әр жексенбіде «Aqtóbe» телеарнасының тікелей эфирінде ойнатылады.
Смартфон, планшет, спорттық велосипед пен робот-шаңсорғыш сияқты сыйлықтарды иеленген 12 жеңімпаз анықталды.

Оларға сыйлықтарын облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев табыс етті.
«Акция аясында барлығы 96 бағалы сыйлық ойнатылады. Негізгісі - «Chevrolet» маркалы екі автокөлік. 25-маусымнан кейін Covid-19-ға қарсы екпенің бірінші компонентін алғандар автоматты түрде акцияға қатысушы болып саналатынын атап өту керек. Екпе алғаннан кейін оларға бірегей код беріледі«,- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.


