09 қар, 2016 сағат 07:24

Ақтөбедегі алпауыт мұнай компаниясының 8 басшысы елден қуылды

Ақтөбедегі алпауыт мұнай компаниясының 8 басшысы елден қуылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Өйткені қытайлық инвесторлар еңбек туралы заңды елемей қойған.

Аймақта қара алтын өндірумен айналысатын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы жыл басында жалынып жүріп Қытайдан маман алдыртуға рұқсат алыпты. Аспан асты елінен келгендердің үшеуін департаментке директор, қалғандарын мұнай мен газ өндіретін бөлімдерге жетекші қылады. Бірақ шетелден қанша маман алдыртса, Қазақстанның да сонша азаматын жұмысқа алу туралы заңға инвесторлар бағынбай жүрген. Сондықтан тексеруге келген прокурорлар заңды орындамаған мұнай компаниясының лауазымды қызметкерлерін елдеріне қайтарып жіберген.

Мұратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастығы:

- Бұл азаматтар Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды.