31 қаң, 2023 сағат 09:33

Ақтөбедегі демалыс базасында болған ТЖ: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Фото: Polisia.kz

Ақтөбедегі демалыс базаларының бірінің аумағында қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кеткен оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелді қағып өлтірген қар көлігі тізгінінде болған оқушының туысына тиесілі болып шықты.

"Қарда жүретін көлік баланың туысына тиесілі. Ол 2007 жылы туған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды".

Тергеу барысында бап қайта саралануы мүмкін, оқиға болған жер жол жүру бөлігі саналмайды. Жәбірленушіні қағып кеткен бала зардап шекпеген. Зардап шеккендер бір отбасының мүшелері емес. Оқиғаға кінәлілер тергеу барысында анықталады.

Демалыс орталығы басшылығының кінәсі де анықталады. Жаңа жағдайлар ашылуы мүмкін. Бірақ бүгінде қарда жүретін көліктің "Тауға" еш қатысы жоқ екені белгілі. Оқушы көлікті туысқанынан сұрамай алып кеткен. Қарда жүретін көлік ауылшаруашылық техникасы саналады, оны 16 жастан бастап жүргізуге болады, бірақ оны қағып кеткен мектеп оқушысының тәжірибесі болмағандықтан, көлікті тізгіндей алмаған", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салайық, 28 қаңтарда сағат 15:30-да Ақтөбедегі демалыс базасында төтенше жағдай болған. Кәмелетке толмаған бала қарда жүретін көлікпен бір топ адамға соқтығысқан. Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қаза болды, 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бір жарым жасар бала ауруханаға жатқызылды.