07 нау, 2022 сағат 15:04

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?


Қазақстандық синоптиктер 8-10 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстігінде 25 градус суық болса, оңтүстікте 20 градус жылы болады.

Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оған ауа температурасының төмендеуіне алып келетін кезекті антициклон әсер етеді. Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары -15...-25 градусқа дейін төмендейді.

Ал, елдің батыс және оңтүстік аймақтарында оңтүстік циклонның ықпалымен күндізгі ауа температурасы +10...+20 дейін көтеріледі, - дейді "Қазгидромет".