03 мам, 2023 сағат 17:55

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Көрнекі сурет: depositephotos.com

Синоптиктер 4-6 мамырға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидромет РМК мәліметінше, Солтүстік антициклон жотасы ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы қалыптасады, ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнгі уақытта 1-7 градус үсік күтіледі.

"Еліміздің батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі - батыста жаңбыр жауады, 4-5 мамырда кей уақытта найзағай, бұршақ жауады, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде құмды дауыл болады деп болжанады", - делінген хабарламада.