Фото: әлеуметтік желілер
Назарбаевтың ұлдары Тауман мен Байкеннің анасы — Әсел Исабаева (Құрманбаева) Kazakhstan Fashion Week аясында өткен «Dinara Satzhan» бренді көрсетілімінде көзге түсті, деп хабарлайды Ult.kz.
Астаналық бай-бағландардың басын қосқан шара өткен демалыс күндері Ұлттық музейде өтті. Көрсетілім қонақтары тұңғыш президенттің жұбайымен түскен фотоларды әлеуметтік желілерде жариялады.
Айта кетейік, Әсел Исабаева – 46 жаста. Ол "Астана Балет" театрында арт-менеджер болып қызмет етеді. 1999 жылы "Мисс Қазақстан" атағын иеленген.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Менің өмірім" атты мемуарында Әсел Исабаевамен таныстығы туралы жазған. Оның айтуынша, олар алғашында кездейсоқ танысып, кейін мұсылмандық дәстүр бойынша некелескен. Бұл некеден Тауман және Байкен есімді екі ұл дүниеге келген.
