09 мау, 2023 сағат 12:47

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: ulpravda.ru

Синоптиктер Қазақстанда 10-12 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер ықпалынан қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 10-12 маусымда республиканың солтүстігінде, шығысында, орталық және оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жаңбыр, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте құмды дауыл күтіледі.

"Ауа температурасы солтүстікте, шығыста +20-29 дейін, орталықта +20-33, 11-12 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында +23-28 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.