15 мам, 2023 сағат 11:11

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото: pixabay.com

Синоптиктер 16-18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидромет мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклонмен анықталады. Соның әсерінен найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтіліп отыр. 

"Алдағы үш күнде республикада температура фонының төмендеуі күтіледі. Солтүстікте түнде 3 градусқа дейін аяз сақталады", - делінген хабарламада.