30 жел, 2021 сағат 12:13

Әлеуметтік желіде Аяз атаның соңынан қуған баланың видеосы тарады


Әлеуметтік желіде Аяз атаның артынан жүгірген баланың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Видеода Аяз ата шанасының артынан жүгіріп бара жатқан баланы көруге болады. Телеарна мәліметінше, видео Шығыс Қазақстан облысы Алтай өңірінде түсірілген болуы мүмкін. Желіде тараған видеодағы баланың ертегі кейіпкерін тоқтатқысы келіп жүгірген сәті көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген. Пікір қалдырғандар ішінде Аяз атаны қуып жеткеніне үміттенгендер де көп. Ал кейбіреуі өз балалық шағын еске түсірсе, тіпті кейбіреуі жүрек тебірентер видеоны көріп, көзге жас алғандарын жеткізген.