25 қаң, 2023 сағат 17:32

Алматы әкімдігі автобус жетіспеушілігі себебін түсіндірді

видео кадры

Алматы әкімдігі өкілдері қоғамдық көлік неліктен жетіспейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Күнделікті Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде қала тұрғындарының ішінде адам лық толы автобустарға шағымданатын видеолары жарияланады. Бұл жайт қарбалас уақытта - таңертең, кешке үнемі қайталанады.

Әкімдік мәліметінше, көп жағдайда қозғалыс аралығының жиілеуі қала жолдарындағы жағдайға байланысты болады.

Алматыда жолаушылар саны жұмыс күндері 1,5 миллион адам болады, демалыс күндері шамамен 700-800 мың адамға жетеді.

"Жолаушылар саны мен өтініштерді талдау нәтижесіне сәйкес, автобустардағы адамның көбеюі бойынша ең ауыр жүктеме қарбалас уақытта қала маңындағы маршруттарда байқалды. Жолаушыларды көбірек қамту үшін әкімдік қала маңындағы елді мекендерді (Іле, Талғар, Қарасай, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандары) Алматы қаласымен байланыстыратын 22 жаңа тұрақты қала маңы маршруттарын ұйымдастырды. Көлік саны 300-ден асады. Сонымен қатар, 20-дан аса қалалық маршруттардың схемалары қала маңындағы аймақты қамтиды, бұл агломерация аумағын қоғамдық көлікпен қамту көлемін арттырады. Жаңа автобустар іске қосылды", - делінген басылымның ресми сұрауына берілген әкімдік жауабында.

2023 жылы Алматы қалалық Мобилділік басқармасы жаңа бағыттарды кезең-кезеңімен ашуды жоспарлап отыр.

Бүгінде Алматыда 158 тұрақты қала және қала маңында жүретін маршруттар бар, оларға жоспар бойынша 2079 автобус тартылған. Шын мәнінде, техникалық себептерге байланысты 1950 автобусқа дейін қысқару бар. Қажеттілігі шамамен 1200 автобус.

"Автобустардың жетіспеушілігі мәселесі жаңа автобустардың сатып алынуымен шешіліп жатыр. Мысалы, кейінгі бір айда жеке тасымалдаушы 100 көлік сатып алды, қазір олар ең көп жүретін бағыттарға қызмет көрсетеді. 2023 жылы Алматы қаласының әкімдігі 300 жаңа автобус сатып алуды және 100 троллейбусты жаңартуды жоспарлап отыр, жеке парктер 150 дана газбен жүретін автобус сатып алып жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған Қалқаман метро станциясының құрылысы жүріп жатыр. Батыс бағытта "Барлық" базарына дейін метро құрылысы жалғасып жатыр. 2022 жылдың мамырында екі жаңа метро станциясының пайдалануға берілуімен жолаушылар ағыны екі есеге артып, бүгінде күніне 90 000-ға жуық жолаушы болып отыр.