13 ақп, 2026 сағат 16:36

Алматы әлемдегі үздік 25 қаланың қатарына енді


Фото: Ranking.kz


2025 жылы Алматы қаласы туризм саласында тұрақты өсім көрсетті.  9 айда қалаға 1,87 млн турист келген. Оның ішінде 563 мың шетелдік және 1,3 млн ішкі турист бар.


Сондай-ақ қала Bloomberg тізімінде әлемнің үздік 25 қаласының қатарына еніп, Орталық Азиядағы ең қарқынды дамып келе жатқан 10 туристік бағыттың бірі атанды.


Қала инфрақұрылымын дамыту аясында туристік маршруттар жаңартылып, «Алма-Арасан» термалды бұлағы қайта жөнделді.