13 сәу, 2026 сағат 15:44

Атырауда полиция басшылары жаппай қызметтен қуылды


Фото: ІІМ


Атырауда полиция саласында қызметтік тексеріс нәтижесінде бірқатар басшылар қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ult.kz.


Тексеру барысында әскери-қызметтік тәртіптің өрескел бұзылғаны және жұмыс пен ішкі бақылау жүйесінің тиісті деңгейде ұйымдастырылмағаны анықталған.


Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қалалық Полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары лауазымдарынан шеттетілді.


Министрлік құқық қорғау органдарында заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау тұрақты бақылауда екенін атап өтті.