
Алматыда Барахолка базарынан өрт шықты. Тауарларға арналған бірнеше қойма жанып кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға 19 наурыз күні болған. Оқиға орнынан түсірілген видеолар желіде пайда болады. Куәгерлердің айтуынша, "Байсат" базарындағы қоймаларда өрт шыққан. Кадрларда өрт шыққан аймақта адамдардың жүргенін көруге болады.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаметінің мәліметінше, 9 наурыз күні түскі сағат 14:51 өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 7, Байсат базары мекен-жайы бойынша, жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа орағанын анықтады. Өрт сөндіру техникасының өтуіне жеке автокөліктер кедергі келтірген. Сондықтан «109» құтқару қызметінің эвакуаторлары жіберілді», - деп хабарлады ведомствадан.


