22 шіл, 2021 сағат 00:11

Алматы облысында ауылдасына пышақ сұққан күдікті ұсталды


Алматы облысында ауылдасына пышақ сұққан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматы облысының полициясы өзгенің денсаулығына қасақана ауырылығы орташа зиян келтірген күдіктіні ұстады. 2021 жылдың 9 шілдесінде Кеген АПБ кезекші бөліміне пышақ дене жарақатымен Кеген аудандық ауруханасына 27 жастағы Жылысай ауылының тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны болып табылатын 1989 жылғы ер адамды ұстады. Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында оқиғаның бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде туындаған жанжал салдарынан орын алғандығы белгілі болды.

Орын алған деректің басқа жайттары ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленуші денсаулығына байланысты қауіп жоқ болғандықтан ауруханаға жатқызылған жоқ.