Алматы облысында полиция соққыға жығылған оқушыға қатысты оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 6 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округінде оқушылар арасында жанжал туындаған.
«Тексеру барысында оқиғаның сабақтан кейін, сағат 13:30-да №1 мектептің 10 және 11-сынып оқушылары арасында болғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды (бұзақылық)», - деді полициядан.
Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Тергеу барысын ПД басшылығы өз бақылауына алған. Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі.
