21 шіл, 2021 сағат 12:19

Алматы облысының тәртіп сақшылары кезекті мал ұрлығын ашты


Алматы облысының тәртіп сақшылары кезекті мал ұрлығына кінәлілерді анықтады, – деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ақсу ауданының кезекші бөліміне Қарашілік ауылының 33 жастағы тұрғыны қорасынан бір бас ірі қара малының ұрланғаны жайында арызданған. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын сомасы 150 мың теңге.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті – 58 жастағы аудан тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктінің ұрланған малды сатып, ақшасын жеке бас қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында аудан тұрғындарын қауіпсіздік шараларын күшейтуге, малдарын қараусыз жібермеуге шақырамыз", – дейді Ақсу АПБ бастығы Даурен Сакенов.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты "келу туралы міндеттеме" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.