02 там, 2019 сағат 12:04

Алматы орталығындағы көп қабатты үй отқа оранды (Видео)

Алматыда көп қабатты үйдің шатыры өртенді. Адамдарды эвакуациялап, өртті ауыздықтауға жарты сағаттай уақыт жұмсалды, деп хабарлайды Sputnik агенттігі.

Назарбаев даңғылындағы 43-ші үйде сағат 12:00 шамасында өрт шықты. Төтенше жағдай туралы хабар түскен соң өрт сөндірушілер бірден мекен-жайға жеткен.

Аз уақыт ішінде оқиға бақылауға алынып, жарты сағаттан соң өрт толықтай сөндірілді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмысын жалғастырып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Үйден 30 адам көшірілген.

Жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздіктің сақтамалмауы өртке себеп болған. Битумды қыздыру үшін ашық от қолданылған. Мердігер компания әкімшілік жауапкершілікке тартылады.