13 мам, 2025 сағат 16:27

Алматы тұрғыны әуе тасмалдаушы компаниядан 5 млн теңге өндіріп алды

Фото: ашық дереккөз

Түрксіб аудандық соты Алматы әуежайы мен «Э» әуетасымалдаушысына қарсы талап-арыз бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Ult.kz.

Талап қоюшының 2019 жылы туған коматозды күйдегі баласы Алматы әуежайына ұшып келгеннен кейін, медициналық талаптарға сай көмек көрсетілмегенін мәлімдеді. Әуежай қызметкерлері балаға мүгедектер арбасын ұсынғанымен, бұл медициналық талаптарға сай келмеген. Балаға арналған жеке реанимобиль көлігі әуежай аумағына кіргізілмеген. Бала амбулифтпен тасымалданған, бірақ ол ауыр халдегі науқастарға арналмаған.

Салдарынан бала шекаралық бақылау кезінде көзге арналған таңғышты алып тастауға мәжбүр болған, бұл оның жағдайын ушықтырған. Нәтижесінде, бала екіжақты пневмоторакспен ауруханаға жатқызылып, ақпан айында қайтыс болды.

Сот моральдық зиянды өтеу туралы талапты ішінара қанағаттандырып, «Э» әуетасымалдаушысынан талап қоюшының пайдасына 5 млн теңге өндіріп алуды міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.