
Алматы қаласы бойынша соңғы тәулікте 10 924 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«14 сәуір күні 10 924 алматылық вакцина салдырды. Бүгінгі күні қалада 68 330 доза вакцина қалды», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 15 сәуір аралығында 108 069 адамға екпе салынды.
Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында 100 000-нан астам адамды КВИ-ге қарсы иммундау жоспарланған.
Бүгінгі күні 203 пункт жұмыс істеп жатыр. 1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар.
Сонымен қатар, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтпаев к-сі) вакциналау пункті ашылды. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.
