16 мам, 2022 сағат 11:43

Алматыда 1,8 млрд теңге болатын танымал брендтердің автобөлшектер қоймасы анықталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы

Алматыда қаржы мониторингі агенттігі департаментінің қызметкерлері 1,8 миллиард теңгеден астам сомаға Toyota, Lexus, Hyundai, Honda тауар белгісі бар контрафактілік автобөлшектер қоймасын тауып жойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алматы бойынша агенттіктің аумақтық департаменті қала прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Контрафактілік қосалқы бөлшектер брендтелген қораптарға салынып, кейін сатылғаны анықталды", - деді агенттіктің баспасөз қызметі.

Іс-шаралар нәтижелері бойынша барлығы 106 мыңға жуық контрафактілік автобөлшек тәркіленді. Қазіргі уақытта іс сотта қаралуда