Алматы қаласында бір тәулікте 1 558 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 23 мамыр күні 1 558 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 23 мамыр аралығында қалада барлығы 293 051 адамға екпе салынды.
«Бүгінгі күнге дейін қазақстандық QazVac вакцинасын 3000 адам алды. Қытайдың Sinopharm вакцинасының бірінші компонентін 9 842 алматылық салдырды», - деп атап өтті басқармадан.
Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
