14 сәу, 2021 сағат 10:30

Алматыда 33 көшеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Кестеге сәйкес, бүгін Алматының 33 көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық әкімдіктің мәліметінше, жөндеу жұмыстары барлық ауданда жүргізіледі. 

Алатау ауданы: Айналмалы, Боралдай, Мамытов, «Өжет» шағынауданы Красноармейский, Садуақасов көшелері. 

Жетісу ауданы: Жансүгіров, Серіков, Ратушный көшелері. 

Әуезов ауданы: Тоқпанов, Әнет баба көшелері. 

Наурызбай ауданы: Сланов, Нұршайықов,Тарғап, Арман, Сығай, Кенжетаев көшелері. 

Алмалы ауданы: Досмұхамедов, Нұрмақов, Жұмалиев, Исаев көшелері. 

Медеу ауданы: Талғар тас жолы, Омаров, Қонаев көшелері мен әл-Фараби даңғылы. 

Түрксіб ауданы: Папанин, Айша бибі, Енисей көшелері 

Бостандық ауданы: Өтепов, Розыбақиев,Тимирязев, Радостовец, Ходжанов, Қожакеев көшелері. 

Күнделікті жөндеу жұмысына 400-ден астам жұмысшы мен 155 арнайы техника жұмылдырылады. Алматының 256 көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланға 

Жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3 096,8 шақырым, көше саны - 2 746. Оның ішінде магистральды маңызы бар көше саны - 385, олардың ұзындығы 1 150 шақырым. Жергілікті маңызы бар көше саны - 2361, олардың ұзындығы 1 946,8 шақырым.