
Алматыда 7 қабатты үйден өрт шығып, үш адам құтқарылды, деп хабарлады "Ұлт ақпарат".
«Бүгін кешкі сағат 17.04-те Алматы қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Алматы қаласы Медеу ауданында жеті қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Пәтерде жиһаз және үй заттары жанған»,- дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Өртті сөндіруге Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Өрт бесінші қабаттағы пәтерден шыққан. Мамандар өрт автосатысының көмегімен 3 адамды құтқарды. Тұрғындар эвакуацияланды.
Өрт сағат 17:32-де сөндірілді.
Қызыл жалын 30 шаршы метр жерді шарпыған.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
