01 шіл, 2022 сағат 10:23

Алматыда ақша айырбастау пункттерінде доллар 475 теңгеден сатылып жатыр


Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде бейсенбімен салыстырғанда доллар бағамы артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464,5 - 468 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 469 - 475 теңге аралығында құбылып тұр.

30 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,55 теңгеге қымбаттап, 470, 24 теңге болған еді.

Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 470, 34 теңге.