Алматыда әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейінгі көлік жүретін бөлігіндегі жол жабындысын толық ауыстыра отырып, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1-10 маусым аралығында әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады», - деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасы.
Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.
Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.
