30 қаң, 2023 сағат 09:12

Алматыда ауадағы азот диоксидінің деңгейі нормадан 2,6 есе асады

көрнекі сурет: arnapress.kz

30 қаңтарда Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі. Қалада ауадағы азот диоксидінің мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан 2,6 есе асады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.

Шаһарда көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жел екпіні 5 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 0-2 градусқа дейін көтеріледі. 30 қаңтарда, 31 қаңтарға қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіліп отыр. Ауадағы артық азот диоксиді - 2,6 есе, PM2,5 бөлшектері - 3,3 есе болады.

PM2,5 - бұл құрамына қатты микробөлшектер де, ұсақ сұйық тамшылар да кіретін ауаны ластаушы зат. Ірі бөлшектерден айырмашылығы, олар биологиялық кедергілерді жеңе отырып, денеге енеді, сондықтан адам денсаулығына қауіп төндіреді.

Сонымен қатар, үш қалада – Қостанай, Қарағанды ​​және Ақтөбеде ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.