Алматыда бас шыршаның шамдары жағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Негізгі шара 20 метрлік шырша орнатылған «Астана» алаңында өтті. Салтанатты рәсімге Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты.
Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 20 метр. Бас шырша жарықдиод гирляндалармен, жаңажылдық ойыншықтармен безендірілген.
Эстрада жұлдыздары қатысқан бұл шара қала бойынша жаңажылдық іс-шараларды бастауға мүмкіндік берді.
Мегаполистің барлық сегіз ауданында 100-ден астам фотоаймақ орнатылған, оның ішінде шыршалар, шағын сәулет нысандары және жаңа жылдық безендірудің басқа да элементтері бар.
Сондай-ақ, 21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен «Жаңажылдық керуен» ұйымдастырылды.

Қала қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктерінің керуені күтеді: декорациялар, мыңдаған жарықтандыру, жарық шоулары, жарқын фотоаймақтар және үлкен сыйлықтар жәрмеңкесі.
30 мың метрден астам жарық гирляндалары, шамдар мен қызықты дизайн ешкімді бей-жай қалдырмайды.
Жүк көліктерінің қозғалысы әлеуметтік желілерде жарияланады.
Сонымен қатар, КВИ таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық штаб күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға және омикрон штаммының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын – маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет екенін еске салады.
Алматылықтарға вакцинацияны жалғастыру керек, ал бұрын егілгендерді қайта вакциналау қажет. Вакцинация пунктілері жұмысын жалғастырып жатыр.




