19 сәу, 2021 сағат 08:21

Алматыда демалыс күндері 8,3 мың адам коронавирус вакцинасын алды

Алматыда демалыс күндері 8385 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«17 сәуір күні - 53356 ал 18 сәуірде 3050 адам вакцина салдырды», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 18 сәуір аралығында 134 484 адамға екпе салынды. 

Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында 100 мыңнан астам адамды КВИ-ге қарсы иммундау жоспарланған.

Бүгінгі күні қалада 203 пункт жұмыс істеп жатыр, 1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар.

Сондай-ақ, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтбаев к-сі) ашылған вакциналау пункті өз жұмысын бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Айта кетейік, 15 сәуір күні Наурызбай ауданындағы «Таусамалы» базарында вакцинация пункті ашылды.