09 сәу, 2021 сағат 14:20

Алматыда ер адамдар мылтықтан оқ атты (Видео)

Алматыда ер адамдар мылтықтан оқ атты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. 

«Екі көлік келіп тоқтады. Ішінен үш ер адам шықты. Біраз тұрып, кейін көліктің жүк салғышынан мылтықты алып шығып оқ атты», - деп жазды желі қолданушы. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіше, оқ атқандар анықталды. 

«Бүгін түске дейін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде бұл факт анықталды. Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оларды анықтап полицияға жеткізді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Әрқайсысының іс-әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі. Видеода пайда болған қарудың нақты кімге тиесілі екенін және шыққан жерін міндетті түрде анықтаймыз», - деп хабарлады полициядан.