28 қаң, 2020 сағат 15:01

Алматыда індет ошақтарын 500-ге жуық полиция күзетуде

Алматыда індет ошақтарын 500-ге жуық полиция күзетеді, - деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәлеметінше, карантин кезінде жаяу бағыттағы тәртіп сақшылары екі аусыммен жұмыс істеп жатыр. Оған 2828 адам тартылды. Оның ішінде 1616 полиция, 138 әскери қызметкер, ІІМ Академиясының 100 оқытушысы, арнайы күзет қызметі басқармасының 50 маманы, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 14 өкілі және Ұлттық ұланан 990 әскери қызметкер бар.

«Жалпы карантин режимін қадағалауға 5330 адам тартылды. Сонымен қатар, жедел штабтың бұйрығына сәйкес, 19 наурыздан бастап полиция қызметкерлері карантиндік аймақтар мен індет ошақтарын қоршауға алуда. Коронавирус шыққан мекенжайларды 481 полиция қызметкері күзетіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді», - дейді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.