Алматыда 30 маусымда коронавирустың 305 жағдайы тіркелді. Қаланың санэпидемиологтары адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуға және вакциналануға шақырады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматыда 1 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 74 306 жағдайы тіркелді, оның 57 841-і симптомды және 16 465-і симптомсыз, анықталмаған пневмония – 1 993.
30 маусымда коронавирус инфекциясының 305 жағдайы тіркелді, оның 282-сі симптомды, 23-і симптомсыз. Тәуліктік өсім 0,4%-ды құрайды.
Репродуктивті саны - 1,287.
29 маусымдағы жағдай бойынша зерттелген сынамалардағы үнді штаммының үлес салмағы - 78,3%.
Инфекциялық стационарларда 703 адам жатыр, оның 53-і балалар. Жалпы науқастардың ішіндегі 16 пациенттің жағдайы өте ауыр, 153-і ауыр, 534 – орташа ауырлық дәрежеде.
Реанимация және интенсивті терапия бөлімдерінде 54 науқас жатыр. ӨЖЖ аппаратында жатқан науқастар - 11, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында - 23, High flow аппаратында - 18.
Қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемесі мен телемедицина орталығының мобильді топтары үйдегі 1507 науқасты бақылауда, олардың 213-і симптомсыз, 1271-і жеңіл, 23-і орташа ауырлық дәрежеде. Пациенттердің жалпы санынан 205 науқас инфекциялық стационарлардан шығарылды.
Бүгінде инфекцияның 1295 белсенді ошақтары бар. Олардың басым көпшілігі Әуезов ауданында, мұндағы 5255 ошақтың 252-сі, Алмалы ауданындағы 5887 ошақтың 238-і, Алатауда - 4047 ошақтың ішінен – 191-і, Бостандықта 5444 ошақтың 153-і, ал Медеу ауданында 4919 ошақтың 144-і белсенді.
Коронавирус тіркелген орындар - үйлер, пәтерлер, кеңселер және тағы басқа. Олар 14 күн бойы бақылауға алынады.
Соңғы 7 күнде 20 - 39 жас аралығында КВИ-ді 394 адам (37,6%) жұқтырған, 40-59 жас аралығындағыларда 243 жағдай (23,2%), 60 жас және одан жоғарыдағыларда 211 жағдай (20,1%). 14 жасқа дейін 131 жағдай (14,6%), 15-19 жаста - 46 (4,4%) және 1 жасқа дейін - 22 жағдай (2,1%).
Соңғы аптадағы мәліметтер бойынша, инфекция қоғамдық орындарда (54,2%), яғни кафелер, мейрамханалар, түнгі клубтар және басқа да жаппай жиналу орындарында жылдам таралуда.
Коронавирус дертіне шалдыққанмен байланыста болғандар да бар, инфекцияның 24,4%-ы отбасында жұққан.
Сондықтан Алматыдағы КВИ-дің таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штаб эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанын ескере отырып, алматылықтар мен қала қонақтарын мерекелік демалыс күндері қарсаңында қоғамдық орындарға барудан бас тартуға шақырады. Сонымен қатар, санитарлық қауіпсіздік шараларын, оның ішінде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
Бүгінде Алматыда 461 545 адам вакцина алды. Өткен тәулікте 10340 адам екпе салдырды. Вакциналанғандардың жалпы санынан 60 жастан асқандар - 78257.
Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени-спорттық мекемелерде, базарларда және СОСО-да 208 екпе пункті бар. 1256 адамнан тұратын 307 бригада вакцина салуға жұмылдырылған.
Алматыдағы 28 ПТР зертханасының жалпы қуаттылығы тәулігіне 15 770. Болашақта олардың қуаттылығы тәулігіне 27 242 арттыру көзделіп отыр. Бұдан өзге, тәулігіне 3248 сынама жасайтын өткізуге қабілетті ИФС зертханасы бар.
