
Алматыда ауызсу құбырын тартып жатқан кезде жұмысшы мерт болды.
Қайғылы жағдай 20 сәуір күні Алматы қаласының Наурызбай ауданы, «Ақжар» шағынауданында болды.
Ер адамның өлімі туралы әріптесі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«20 сәуірде Ақжарда саяжай тұрғындарына суару құбырын салу кезінде біздің әріптесіміз жоғары вольтты сымды іліп кетіп, сол жерде көз жұмды», - деп жазды автор.
Қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, адам өлімі фактісі Наурызбай аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», - деп атап өтті полициядан.
Наурызбай ауданының әкімдігі осы жағдайға байланысты сәл кейінірек түсініктеме беретінін айтты.
