Алматыда санкцияланған митинг өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жиын 5 ақпанда сағат 12.00-де басталды. Адамдар Шевченко көшесінде орналасқан Шоқан Уәлихановтың ескерткішінің маңына жиналды.

Оқиға орнында 150-200-ге жуық адам жүр. Митинг тыныш өтіп жатыр.

Жиналғандар бірнеше талап қойды. Олардың арасында:
- әкім сайланарда таңдау беру;
- қазіргі қала әкімін қызметтен босату;
- қаңтар оқиғаларынан кейін ұсталған кінәсіз адамдарды босату.


Фото: Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев
Митингіге қатысушылардың бірі адамдарды үйге қайтуға шақырды.
Айналада санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бірнеше қызметкері жүр.

