06 қыр, 2019 сағат 11:52

Алматыда «барахолка» базары өртеніп жатыр

Алматының «барахолкасында» контейнерлер өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жолының бойында орналасқан 78/1 – «Мизам» базарының аумағында контейнер отқа оранды. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына шықты», - деп хабарлайды ТЖД.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бір қабатты қойма жанып жатыр (металл-пластмассадан жасалған бұйымдар сақталған), жақын жердегі қоймаларға өрттің өршу қаупі бар. Қойма 50 шаршы метрді құрайды. Оның қабырғасы - кірпіш, шатыры - металл.

ТЖД 43 қызметкері мен 12 техника жұмылдырылды. Қосымша өрт сөндіру техникасы жіберілді.