
Алматы қаласында 32 мониторинг тобы бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
20 наурызда Достық даңғылы 52/2 мекенжайы бойынша Қазақстан қонақ үйінің «Гранд Палас» залында үйлену тойы өткізілгені анықталды. Залда шамамен 120 адам болған.
Алматы қаласының әкімдігі эпидемиологиялық ахуал тұрғысынан қаланың «қызыл аймақта» тұрғанын еске салады. Өткен тәулікте мегаполисте ПТР арқылы 437 адамнан коронавирустық инфекция анықталды. Бұл соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткіш.
Қалада эпидемияның таралуы күн сайын артып келеді. Коронавирустық жағдайды одан әрі ушықтырмас үшін, тұрғындарға вирусқа қарсы ережелерді қатаң сақтаудың маңыздылығын еске саламыз. Атап айтқанда, қоғамдық шараны ұйымдастырып және оған қатысудан аулақ болу. Азаматтар, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар, сондай-ақ 65 жастан асқан қарт адамдар өте сақ болуы және қарым-қатынастан аулақ болуы шарт.
