11 жел, 2021 сағат 15:33

Алматыда оқушы 20-қабаттан секіріп кетті


Алматыда мектеп оқушысы "Манхеттен" тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан секіріп кетті.

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы пабликтердің бірінде пайда болып, кейін өшіріліп тастады, деп хабарлайды Sputnik.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға, бүгін, 11 желтоқсанда, сағат 8.15-те болған. Оқушы шамамен 16 жаста. Оның жанынан оқушы сөмкесі табылған.

Полиция бұл фактті расттады.

"Бұл іс сотқа дейінгі тергеу реестрінде Қылмыстық кодекстің 105 бабы "Өз-өзіне қол салуға жеткізу" бабы бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция департаменті тергейді", - деді Алматы полициясындағылар.