21 мау, 2022 сағат 11:44

Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді


Алматыда Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында салынып жатқан ғимараттың жабыны өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 маусым күні таңғы сағат 09:46 шамасында Әуезов ауданындағы «Астана» ықшамауданы, 1/10 мекенжайы бойынша жоғары дәрежелі өрт сөндіру бөлімшелері шықты. 

«Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына төрт минутта жетті. Олар салынып жатқан ғимараттың жабыны өртеніп жатқанын анықтады, қазір таралу қаупі жоқ. 10 минуттың ішінде өрт оқшауланып, 10:09-да сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Төтенше жағдайлар департаменті нысан иелеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.