15 сәу, 2021 сағат 13:52

Алматыда тағы қандай көшелерде автобус жолағы пайда болады?

Алматыда әуежайдан Тұңғыш Президент саябағына дейін автобус жолағы, тротуарлар мен жаңа веложолдар салынады. Бұл қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахметжанов «Алматыны дамыту – 2021: көріктендіру және көгалдандыру жобалары» онлайн-таныстырылымы кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алмасхан Ахмеджановтың айтуынша, дизайнерлер әр түрлі нұсқаларды қарастырған. Сонымен қатар, қаланың сипаты оның көшелерімен және қоғамдық орындарымен айқындалады. Қала тұрғындар үшін де, туристер үшін де тартымды әрі ыңғайлы болуы керек. Нәтижесінде жаяу жүргіншілер жолын, автобус жолағын, веложолдар мен көпірлер салу туралы шешім қабылданды. 

Жаңа инфрақұрлым Бейімбет Майлин, Бұқтырма көшелері, Құлжа, Шығыс айналма тас жолы мен әл-Фараби даңғылында пайда болады. 

«Бұл көшелердің өзіндік тарихы бар. Бір кездері бізде Шығыс айналма тас жолы болмаған. Ал, Бұқтырма көшесі қаланың сыртында орналасқан еді, Қазір ол қала шекарасына кірді. Жалпы, бүгінде бізде қаланың солтүстік-шығыс бөлігін байланыстыратын өте жақсы екі магистраль бар. Ол әуежай қаланың оңтүстік-батыс бөлігі және «Орбита» ықшамауданы, Тұңғыш Президент саябағы», - деді ол.