03 ақп, 2022 сағат 18:40

Алматыда қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған тағы 8 адам қамаудан босатылды


Бүгін Алматыдағы СИ-18 тергеу изоляторынан тағы 8 адам босатылды. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында «Аманат» қоғамдық комиссиясының мүшесі Уайс Ерсайынұлы хабарлады.

«Бүгін Алматыдағы «СИ-18» тергеу изоляторынан тағы 8 адам босатылды. 

Олар: 

1. Керімбек Ғ. 

2. Ерзат Ө. 

3. Рысбаев С. 

4. Танкиш Е. 

5. Жақсылық Ш. 

6. Ахметов А. 

7. Қарсыбаев Ж. 

8. Тасжүреков Б. 

Осымен қазірге дейін барлығы 50 адам біздің «Аманат» комиссиясының араласуымен бостандыққа жіберілді. Тағы бір адам — Тимур Ким кешке дейін босатылатын болды», - деп жазды Уайс Ерсайынұлы. 

Оның айтуынша, тағы 6 адамның құжаттарын шығаруға дайындап жатыр. 

Қаңтар оқиғасы бойынша жалпы 2 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған. Билік 900-ге жуық адамның күдікті статусында екенін мәлімдеген.